•Жарыс кезінде сөре нөміріңізді ұмытпаңыз және оған ұқыпты болыңыз, жоғалтпаңыз, өйткені ол мәреден кейін арқанжолмен төмен түсуге және түскі асты алу үшін пайдаланасыз.•Сөреге үлгеріп келу үшін жолыңызға кететін дұрыс уақытты алдын ала есептеңіз (алдыңғы ақпаратта есептелген уақыт бар).•Егер жарысқа арналған жабдықты немесе спорттық тағамды сатып алуға үлгермесеңіз, Athletex Pro мобильді дүкені сөре алаңында сіздер үшін қызмет етеді.•Өзіңізбен бірге қайта пайдалануға болатын шыныаяқты ала келіңіз - тамақтану нүктелерінде пластик болмайды.•Ауа райына сай киініп, жарыстан кейін ауыстыруға болатын қосалқы киім алыңыз.•Треккинг таяқшалары мен сырғанаудан тежейтін арнайы аяққа киетін темір жабдықты алып келуді ұмытпаңыз!•Сақтау орны сөре қалашығында болады. Заттарды кішігірім рюкзакта немесе спорт сөмкесінде тапсыру қажет.
Сөреде кездескенше!


