Өзіңіздің старт уақытында жету үшін сапар уақытын дұрыс есептеуге тырысыңыз. Біздің жарыстар демалыс күндерінде өтетінін ескеріңіз, сондықтан көліктер көп болуы мүмкін және де Медеу автотұрақтарында бос орын табу біраз уақыт алуы мүмкін.
Әрі қарай, аспалы жолға түсу керек, онда шаңғышылар, сноубордшылар және де жай демалушылар кезегі болуы мүмкін.
Содан кейін:
- Аспалы жолда көтерілу уақыты — 30 минут
- Аспалы жол кабинасынан шығып, пандусте оң жақ бағытта, мейрамханалар бойымен ағаштан жасалған баспалдаққа дейін жүреміз. Баспалдақпен көтеріліп, басты автокөлік жолы арқылы Альплагерь Туюк Су белгісіне дейін жүреміз. Үшбұрышты үйлер сізге басты бағдар болады, онда сіз экстремалды атлетиканың қызыл старт аркасын көресіз. Бұл шамамен 30-40 минут алады. Қорытындылап айқанда, аспалы жолдан бастап сөре қалашығына дейін 60-70 минут алады. Сенбіде кездескенше!


